01

Балабақша міндеті:

Физикалық даму, балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыруда күні бойы кіріктірілген түрде немесе жеке балалардың түрлі әрекеттері арқылы ойын түрінде ұйымдастыру

02

Балабақша мақсаты:

Мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамуына, әлеуметтік дағдыларының қалыптасуына, денсаулығының нығаюына және білімге деген қызығушылығын арттыруға жағдай жасау.

03

Балабақша мақсаты

Нақтылай айтқанда, балабақша мақсаты мыналарды қамтиды:

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету

Қозғалыс, сөйлеу, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік дағдыларды үйрету

Қазақ тіліне, ұлттық салт-дәстүрге сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Баланың денсаулығын сақтау және нығайту

Мектепке психологиялық және интеллектуалдық тұрғыда дайындау